SunqarNews ақпараттық порталы
ЖаңалықтарҚоғам

Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай 2024 жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды http://SungarNews ақпараттық порталы  Zakon.kz, ке сілтеме бере отырып

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізілетінін ескертеді.

  • Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

«Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатын болады. Осыған байланысты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз».

  • Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда құлашын кеңге жайған «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубтары бар

Redaktor SunqarNews

МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ КӨЛЕҢКЕЛІ ТҰСТАРЫМЕН КҮРЕС

Redaktor SunqarNews

900 жыл бұрынғы Ватиканның ақырзаман туралы пайғамбары Папа Франциск ауырып қалған кезде қайтадан талқылана бастады

admin_sunqar