Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының «Тәуелділік мінез-құлқының алдын алу (алкоголизм, нашақорлық, лудомания және т.б. тәуелділіктің түрлері)» жобасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жобаның мақсаты – қаланың жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің жоғары сынып оқушылары арасында алкоголизмнің, нашақорлықтың және ойынға құмарлықтың ескерту және алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, нақты мінез-құлық әдістері көрсетілген ақпараттық кітапшаларды Мемлекеттік және орыс тілдерінде тарату.
Аталмыш жоба психиатр, психолог Рауан Нұрғалиқызының қатысуымен 1. №196 Жалпы білім беретін мектепте, Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында, Қаржы-экономикалық колледжінде және Еуразия техникалық колледжіне өткізілді.
Түсіндірме жұмыстары барысында жастар арасында тәуелділікке қарсы білім мен ақпаратты арттырудың маңызды екендігі атап өтілді. Әсіресе мектептер мен жоғары оқу орындарында психологиялық тренингтер мен ақпараттық компаниялар өткізу қажетті ақпаратты ала алды.