SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

“Кемсіту емес”. Белгілі кәсіпкер африкалық жігітке ерекше сый жасады

Белгілі меценат, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының вице-президенті Дулат Тастекей қазақ тілінде еркін сөйлейтін африкалық жігітке ерекше сый жасады.

Қазақ тілін 1 жыл 8 айда үйренген африкалық жігіт туралы біз бұған дейін жазғанбыз. “Астарлық ақиқат” бағдарламасында қонақта болған Дулат Тастекей бағдарлама барысында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдеріне құрмет көрсетті. Кәсіпкердің айтуынша, осындай азаматтар ана тілін білмейтін кей жастарға үлгі болуы тиіс.

“Нельсон Манделланың мынадай сөзі бар: “Егер де сен адаммен ол түсінетін сөзде сөйлейтін болсаң, ол сөздер ол адамның миына жетеді. Ал сен адаммен оның ана тілінде сөйлейтін болсаң, ол сөз ол адамның жүрегіне жетеді” – дейді. Абдулла
бұл жерде қазақтың қызының жүрегіне қалай жетіп тұр? Қазақша сөйлегеннің арқасында жетіп тұр. Менің сыйлайын деп отырғаным қарапайым ғана сый”- деді кәсіпкер Д. Тастекей.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Мына тақырыпты қазақ тіліне түсінікті етіп аударғым келеді: «Суық. Дала ылғал. Бірақ бұл – жақсы мақсат үшін. Мұзды су құю челленджі неге он жылдан астам уақыттан кейін қайта оралып отыр?»

admin_sunqar

ӘДІЛХАН БАЙБАТША, АКАДЕМИК: Қазақстанның болашағы – ғылымда

Redaktor SunqarNews

САПАЛЫ БІЛІМ мен БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!

Redaktor SunqarNews