Түркістан облысы биыл 7 жылдық мерейтойын атап өтуде. 2018 жылы Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан алынды. Жаңа облыс Түркістан атауын алып, әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшірілді. Қазіргі кезде облыс халқының саны 2,1 миллионға жуық. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.
Түркістан облысының экономикасы мен инфрақұрылымы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Өңірдің солтүстігінде Ұлытау, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстары, оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеседі. Облыс аумағында 14 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала, 13 кент және 932 ауылдық округ бар.
Халық санының өсуі байқалып отыр: 2023 жылғы 1 ақпан мәліметіне сәйкес, облыс халқының саны 2 154,1 мың адамға жетті. Қалалықтар саны 542,3 мыңды құраса, ауылдықтар саны 1 611,8 мың адам. Табиғи өсім нәтижесінде халық саны артып, содан 2025 жылғы қаңтар айында 2 954 адамға көбейді.
Өңірдегі кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы да қарқынды дамуда. Облыста 210 мыңнан астам шағын және орта кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 80 мыңы фермерлік шаруашылықтар. 2018 жылдан бері облысқа шамамен 9 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған.
Түркістан туризмнің де орталығына айналып келеді: шетелдік туристер саны 45 пайызға өсті. Жыл сайын облысқа 900 мыңнан астам біркүндік келуші тамашалауға келеді. Туристердің негізгі легі Өзбекстан, Ресей, Қытай, Түркия және Қырғызстаннан.
Құрылыс саласында да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Түркістан қаласында жаңа әкімшілік-іскерлік орталық салынып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағы абаттандырылды. Сонымен қатар, заманауи тұрғын үйлер бой көтеруде.
Түркістан облысы экономиканың барлық саласында, оның ішінде өндіріс, туризм және ауыл шаруашылығы салаларында жоғары қарқынмен дамуда. Аймақ еліміздегі ірі агроөнеркәсіптік кешендердің бірі ретінде танылып, жалпы өнім көлемінің 13%-ын қамтамасыз етеді.
