SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Сот орындаушылар «Отбасы банк» салымшыларынан 3,4 млрд теңге жымқырған.

Жеке сот орындаушылар азаматтардың жинақталған қаражатынан айла-шарғы жасап, 3 млрд 442 млн теңге жымқырғаны анықталды. 2023 жылы олар 4740 іс бойынша 1 млрд 721 млн теңгені иемденсе, 2024 жылы 8995 акт арқылы тағы 1 млрд теңгеге жуық қаржыны алған. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Алаяқтық әрекеттерді іске асыру үшін олар жылжымайтын мүлік сатушылар, риэлторлар, нотариустармен бірігіп әрекет еткен. Бұл қылмыстық топта өзара келісім болғаны баяндалған.

Депутаттың пікірінше, жеке сот орындаушылардың ашық тізбесін енгізу маңызды. Ол азаматтарға әрбір орындаушының әрекетін бағалап, төмен рейтингтегі орындаушыларды саладан шығарып тастау керектігін айтады. Сондай-ақ, жеке сот орындаушыларды мемлекеттік қызметкер дәрежесіне көтеру ұсынылды. Бұл олардың құқықбұзушылықтары анықталған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қылмыстық жауапкершілікке тартуына мүмкіндік береді. Бақытжан Базарбектің айтуынша, халық полиция мен сот орындаушылардан қорқады, сот шешімдерін орындауға міндетті қызметкерлердің арасында алаяқтар болса, бұл үлкен проблема.

Жиын барысында шағын несиесін өтемеген азаматтардың 2,5 млн құжаты жеке сот орындаушылардың қолында жүргені белгілі болды.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау облысында Қазақстандағы ең ірі шахмат академиясы ашылды

Redaktor SunqarNews

Жасөспірім неміс туристері Гавайиден «күмәнді» қонақүй брондауы үшін қолдары кісенделіп, елден шығарылды.

admin_sunqar

23 Сәуір 2025: Жылнама

admin_sunqar

Пікір жазу