SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Абай облысында қылмыстық топ ормандағы ағашты 500 млн теңгеге ұрлаған

Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қарағай көшеттерін ұрлап келген қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Қылмыстық топ құрамына жергілікті тұрғындар мен «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген. Ішкі істер министрлігінің жүргізген шаралары нәтижесінде Павлодар облысында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары қолға түсті. Барлығы қамауға алынды.

Жалпы, 260 мыңнан астам көшет тәркіленіп, олардың құны 500 миллион теңгеден асып жығылады. ІІМ мәліметінше, орман қорын заңсыз кесу және ұрлау ел экологиясына үлкен зиян келтіреді. Бұған дейін Абай облысында 753,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілгені жайлы ақпарат бергенбіз.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Әскер базасындағы алғашқы әйел қолбасшы туралы қауесеттерден кейін қызметтен шеттетілді.

admin_sunqar

Қырғызстан полиэтилен пакеттерін импорттауға уақытша тыйым салуды жоспарлауда

admin_sunqar

23 Сәуір 2025: Жылнама

admin_sunqar