SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Батыс Қазақстандағы жол апатынан екі оқушы қаза тапты

21 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Переметный-Белес жолында ірі жол апаты орын алды. Сағат 11.00 шамасында Jac N56 және «ВАЗ-2110» жеңіл көліктері соқтығысып, апат салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігінің жүргізушісі және жолаушысы мерт болды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Қайтыс болғандардың бірі 2008, екіншісі 2010 жылғы жасөспірімдер, екеуі де мектеп оқушылары екені анықталды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. БҚО полиция департаменті мерт болғандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты және ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Орал қаласында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, үш адам ауруханаға жеткізілген болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Redaktor SunqarNews

NASA-ның Люси ғарыш аппараты бұдырлы боулинг добына ұқсайтын астероидтың суреттерін жіберді.

admin_sunqar

Грекия 1,3% бюджет артығын жариялағаннан кейін 1 миллиард еуро көлемінде қаржылық жеңілдіктер ұсынатынын хабарлады.

admin_sunqar