SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қызылордалық диқандар агродрондармен күріш егуде

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар қолданылады. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының деректеріне сәйкес, агродрондар пестицидтер, тыңайтқыштар мен гербицидтер шығынын азайтуға септігін тигізеді. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Сонымен қатар, күрішті көшеттеу әдісі тиімділігін көрсетіп отыр. Ы.Жақаев атындағы ғылыми-зерттеу институты осы тәсілді 2021 жылы енгізген болатын, бұл суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жапон технологиясымен 155 гектарға күріш егілген. Нәтижесінде су шығыны 20%-ға, дән себу нормасы 80%-ға азаяды. Биыл Қытай, Түркия және Еуропа елдерінен жаңа тұқым түрлері әкелінеді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың айтуынша, биыл су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы егіс көлемін 9200 гектарға жеткізу жоспарлануда, бұл өткен жылғыдан екі есе көп. Мемлекет бұл бағытта қолдау көрсетіп, жабдық сатып алуға кеткен шығындардың 80%-ын субсидиялайды. Лазерлік әдіспен тегістелген күріш алқабының аумағы биыл 60 мың гектарға дейін жетпек.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Қызылорда облысында жалпы 193,7 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі, оның ішінде 85,6 мың гектары күрішке тиесілі.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Дүниежүзілік банк Қырғызстанның ауыз суға қол жеткізуін жақсарту үшін 121 млн доллар бөледі

admin_sunqar

Отчет о проделанной работе с 03 марта по 30июня 2025 года Центра поддержки семьи Турксибского района.

Redaktor SunqarNews

Алматыда студенттер арасында тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті

Redaktor SunqarNews