SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қытайда шенеунік пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді

Lianhe Zaobao басылымының мәліметінше, Қытай соты Ли Пэнсиньге қатысты пара алу ісі бойынша алғашқы үкім шығарды. Оған аса ірі көлемде пара алғаны үшін өлім жазасы тағайындалып, саяси құқықтарынан өмір бойы айырылып, барлық мүлкі тәркіленбек. Өлім жазасын орындау екі жылға кейінге қалдырылды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Егер екі жылдан кейін өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылса, оған мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігі берілмейді. Есепке алынған заңсыз мүлкі мен табысы мемлекеттік бюджетке аударылатын болады.

Сот анықтауы бойынша, Ли Пэнсинь 1999 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта түрлі лауазымды қызметтерді атқарып, өкілеттігін асыра қолданған. Ол бірқатар мекемелер мен жеке тұлғаларға көмектесе отырып, 822 миллионнан астам юаньды заңсыз иемденген.

65 жастағы Ли Пэнсинь Шаньси провинциясының тумасы. Ол Шыңжаң, Ішкі Моңғолия, Цинхай өңірлерінде қызмет еткен. 2016 жылы ШҰАР партия комитетінің хатшысының орынбасары болып тағайындалып, сепаратизмге қарсы күреске жетекшілік еткен. 2021 жылдың шілдесінде басқа қызметке ауысқанымен, 2023 жылы желтоқсанда тергеу басталып, 2024 жылдың маусымында партия қатарынан шығарылған.

Бұған дейін қытайлық экс-шенеуніктің жемқорлық ісіне қатысты тың жаңалықтар жариялаған болатынбыз.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Атырау университетіндегі апатты жатақхана опырылды

admin_sunqar

Шеннон Шарп өзінің айыптаушысын атады, олардың қарым-қатынасы 2023 жылы басталған кезде ол 19 жаста болған, ашық мәтіндік хабарламаларды жариялады және айыптауларды жоққа шығарды.

admin_sunqar

Папа Франциск 88 жасында ми инсультінен және жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды, деп хабарлады Ватикан: Жаңалықтар мен реакциялар.

admin_sunqar

Пікір жазу