SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Павлодарда жеті жасар баланы ұрып-соққан топ туралы жаңалық

Павлодарда бір топ жасөспірімнің қатыгез әрекеті әшкереленді. Анасының сөзінше, олар ұлын үйдің кіреберісінде ұрғаннан кейін, ауладағы ойын алаңында соққыларын жалғастырған. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Жасөспірімдердің жасы 8-12 аралығында, олар ауладағы балаларға тыныштық бермей, балағат сөздер айтып, итеріп, қорлаумен қатар, ұрып-соғу әрекеттерін жасауда. Анасы олардың бұл әрекеттеріне ата-аналары ешқандай шара қолданбай отырғанын ашына жеткізді.

Оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті мәлімдеме жасады. Кәмелетке толмағандарды ата-аналарымен бірге полицияға жеткізіп, тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Іс материалдары сотқа жіберіліп, шешім бойынша Павлодар қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданатыны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодарда бір ер адам әйелі мен қызын ұрып-соғып, полиция қызметкерін жаралаған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Жарыстағы кісі өліміне күдікті Кармело Энтони қауіпсіздік себептерімен басқа жерге көшірілді, — дейді отбасы.

admin_sunqar

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында рекорд орнатты

admin_sunqar

«Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтпек

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу