SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Алматыда «Желтоқсан рухы және жастардың азаматтық ұстанымы» атты танымдық кездесу өтті

 

2025 жылғы 26 қараша күні Алматы қаласында жастарға тағылымды тәрбие беруді мақсат еткен маңызды танымдық кездесу ұйымдастырылды. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында, «Адам және қоғам» үкіметтік емес ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Алматы логистика және транспорт колледжінің қолдауымен оқу орнында «Желтоқсан рухы және жастардың азаматтық ұстанымы» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Шараның негізгі мақсаты – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын жастарға кеңінен түсіндіру, сол кезеңде ел тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен ардагерлердің өмір жолын үлгі ету, студенттердің ұлттық санасын қалыптастыру, отансүйгіштік рухын нығайту және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру.

Кездесуге арнайы қонақ ретінде Желтоқсан оқиғасының ардагерлері – Ақын Ордабай, Алжанова Сажида және Жакешов Дархан шақырылды. Олар сол бір күрделі әрі сындарлы кезеңде бастан өткерген оқиғаларын еске алып, тәуелсіздік жолындағы күрестің маңызы мен Желтоқсан көтерілісінің ел тарихындағы орны туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында студенттер ардагерлерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, Желтоқсан оқиғасының тікелей куәгерлерінен тарихи деректер мен тағылымы мол естеліктер тыңдады. Ардагерлер жастарды елін сүюге, әділдік пен жауапкершілікке адал болуға үндеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай танымдық кездесулер жастардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ұлттық рухты нығайтуға зор үлес қосады.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

CATL компаниясы 1500 шақырымға жететін қашықтықты қамтамасыз ететін аккумуляторды таныстырды.

admin_sunqar

Әбибә Әбужақыноваға ASSYLTAS қорының стипендиясы табысталды

Redaktor SunqarNews

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары

admin_sunqar