SunqarNews ақпараттық порталы
ЖаңалықтарҚоғам

Дені саудың — жаны сау

Денсаулық- адамның баға жетпес байлығы. Адамзатқа берілген ең маңызды аманаттың бірі осы денсаулық, сондықтан әрбір адам оны сақтауға үлкен жауапкершілік таныту керек. Қазіргі таңдағы әлемдегі экологияның нашарлауы, дұрыс тамақтанбау, қозғалыссыз өмір салты және т.б адам денсаулығына кері әсерін тигізгеді. Ендеше, денсаулықты сақтаудың бірнеше негізгі принциптеріне тоқталайық.

Спортпен айналысу- біздің организмімізге ең қажетті дүниенің бірі. Тұрақты түрде спортпен айналысу иммунитетті жақсартады, адамның көңіл күйінің қалыпты болуына, стресске түспеуіне , күні бойы сергек жүруіне көмектеседі. Спортпен шұғылданатын адам шымыр ғана болмай, келбетті, сымбатты болады. Тұрақты түрде спортпен айналыса алмасаңыздар да, тым болмаса жаяу жүруді қолға алсаңыздар болады. Жаяу жүрудің адам денсаулығына өте көп пайдасы бар. Мысалы, жаяу жүру лимфа айналымына көмектеседі, энергия береді, жүрек қысымы және инсульт сияқты аурулар үшін көмекші реабилитацияны қамтамасыз етеді. Бұдан басқа да бұл спорт түрінің пайдасы жетіп артылады.

Салауатты өмір салтын ұстану — денсаулықты сақтауда маңызды роль атқаратын іс-әрекет. Көп адамдар үшін дұрыс тамақтану өте қиын. Көбінесе өз өзімізге ерік беріп зиянды тағамдарды жеп жатамыз. Статистика бойынша Қазақтанда күніне 14% адам фастфудпен тамақтанады екен, ал жалпы 84% адам фастфуд тағамдарын сатып алады екен. Меніңше, бұл қуанарлықтай көрсеткіш емес.

Дұрыс тамақтанудың басты қағидаларының бірі- көп мөлшерде су ішу. Бір тәулікте адамға шамамен 2 литр су ішу қажет. Су ішудің пайдалары:

  • артық салмақтан арылуға көмектеседі
  • буындардың ауырсынуын жеңілдетеді
  • қан қысымын реттейді
  • бет терісінің, шаштың жылтыр болуын қамтамасыз етеді.

 

Таза жүру, жеке бас гигиенасын сақтау- организмге зиянды микробтар мен түрлі ауруларды жұқтырып алмас үшін өте маңызды. Жеке гигиена дегеніміз дененің тазалығын сақтап, оған күтім жасау. Бұған күнделікті ұйқыдан тұрғаннан кейінгі тіс жуу, қол жуу, тырнақ алу т.б жатады. Күнделікті көзге көрінбейтін іс-әреттер болсада , денсаулықты сақтауға үлкен әсерін тигізеді.

Қорыта келе, адамның денсаулығы- қоғам байлығы. Әр нәрсені бар кезінде бағалап, қадіріне жету керекпіз. Денсаулық та сәл солай, себебі, денсаулығы нашар адам қоғамға да , отбасына да жайсыз екені ащы шыңдық. Әлемнің байлығы қолыңда болсада, денсаулығың әлсіз болса ол байлықтан пайда жоқ.  Денсаулығымыз жақсы болуына ішкі жан дүниемізде әсер етеді.

Қазақта “ дені саудың жаны сау” деп бекер айтпаса керек. Өз денсаулығының өз қолыңызда!

Илияс Жансая Досболқызы

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандағы студенттік стипендияның жаңа мөлшері аталды

admin_sunqar

Казахстан укрепляет сотрудничество в рамках рекомендаций ФАТФ

Redaktor SunqarNews

Алматыда ұлағатты ұстаз Күләш Құнантайқызының құрметіне оқу ғимараты берілді

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу