SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қарағанды облысында жайлы мектептер саны көбейеді

Қарағанды облысында «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 10 мектеп салу жоспарлануда. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Олардың құрылысы былтыр басталған. Биылғы оқу жылында Қарағандыда 2 мектеп ашылды. Жыл соңына дейін жаңадан тағы бес жайлы мектеп ашу жоспарлануда.

Бұған қоса, әкім «Қазақстан халқына» қорының өңірдегі әлеуметтік жобалардағы белсенді рөлін атап өтті. Қордың қолдауымен білім беру саласында мектептерді жаңғырту және жөндеу, сондай-ақ спорт алаңдарын салу бойынша 4 жоба жүзеге асырылды. Денсаулық сақтауда пульмонология, комбустиология және кардиологияға арналған жабдықтар сатып алынды.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда студенттер арасында тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті

Redaktor SunqarNews

Жарыстағы кісі өліміне күдікті Кармело Энтони қауіпсіздік себептерімен басқа жерге көшірілді, — дейді отбасы.

admin_sunqar

NASA-ның Curiosity марсоходы Марстың бір кездері тіршілік етуге жарамды болғанын көрсететін маңызды дәлел тапты.

admin_sunqar