SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Еске алу және аза тұту

 

22-маусым ұлттық аза тұту күндері ірі қайғылы оқиғалардың салдарынан қаза тапқандар немесе қайтыс болған мемлекет қайраткерлері үшін қайғы-қасіретті еске алу үшін атап өтіледі. Осыған байланысты Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Азаматтық борыш” жобасы аясында концерттік іс-шара өтті. Концерттік бағдарлама «Жас Ұлан» Республикалық әскери мектебінде ұйымдастырылды. Сахна төрінде әйгілі «Паджшер» тобы өнер көрсетті. Жобаның аты айтып тұрғандай, жастарға қойылған концерттік бағдарламаны қатысушылар ерекше бағалады. Мерекелік шара барысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталып, әскери мектептің мамандары мен іс-шараны ұйымдастырушы “Social project management” қоғамдық орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы сөз сөйледі.

2 сағат көлемінде жүргізілген іс-шара «Панджшер» тобының жоғары деңгейде айтылған әндерімен көрермендерді бірден баурап алды. Әртістер халқымызға танымал, жүректерден орын алған «Так хочется жить», «Последний бой», «Память о службе», «До свидание полк», «Әлия», «Алға қазақ жігіттері» және рухты көтеретін көптеген туындыларды ұсынды. «Панджер» тобы осылай түрлі бағыттағы әуендерді шебер игергенін тағы да дәлелдеді. Ыстық ықыласын аямаған тыңдармандар топқа зор қошемет көрсетті.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті, қатысушылар әр әнді хормен шырқап мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар: “Бүгінгі концерт ерекше өтті, бірінші ән шырқалғаннан бастап ерекше ықыласқа бөлендік. Әсем ән тыңдап, жақсы дем алып шықтық. Алғысымыз шексіз”-деп өз рақметтерін жаудырды. Екі сағатқа созылған концерттік бағдарлама «Панджшер» тобының орындауындағы “Ардагерлер”  әнімен аяқталды. Осындай жастардың патриоттық рухын көтеретін іс-шаралар болашақта да жалғасын табу керек.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Арнайы «кеңес беру қызметі» құрылды

Redaktor SunqarNews

«Заң кеңесі» жобасы аясындағы көшпелі мобильдік қызмет

Redaktor SunqarNews

Білім мен ғылымның шамшырағы

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу