SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

“Қазақстан барысы” турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаевқа белгілі меценат Дулат Тастекей автокөлік мінгізді

 

“Белгілі меценат Дулат Тастекей Ақсуатта өткен ASSYL ARLAN турнирінде жеңіске жеткен соң, енді “Қазақстан барысы” турнирінде чемпион болуың керек, сен соған лайықсың, жеңсең бізден қомақты сый болады” деп жігерлендірген еді. Мақсатымыз айқын болып, биыл чемпион болдық”,-дейді Е. Қажыбаев.

Меценат Дулат Тастекей сөзінде тұрып, бүгін балуанға Абай облысының мәслихат депуттары Қайырлы Қасенов пен Мерей Қарттың қатысуымен автокөліктің кілті табысталды.

Ерасыл Қажыбаев қамқорлық көрсеткен ағаларына ілтипатын жеткізді.

“Бұл сыйлық мен үшін тек көлік емес, сіздердің маған деген сенімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыздың белгісі. Осы жақсылықтарыңызды ұмытпаймын”, — деп ағынан жарылды 2024 жылғы “Қазақстан барысы” турнирінің жеңімпазы.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Кардиналдар Рим Папасы Францисктің жерлеу рәсімін сенбі күні таңертең белгіледі, ал қоштасу рәсімі сәрсенбі күні басталады.

admin_sunqar

Трамптың мамырдағы Сауд Арабиясы, Қатар және БАӘ сапары: SEO талаптарына сай басты ақпарат

admin_sunqar

«Таза Қазақстан». Қарағанды жастары экологиялық сын-қатерлерді талқылады

Redaktor SunqarNews