SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ақтөбеде үлескерлердің қаржысын жымқырған кәсіпкер сотталды

Ақтөбе қаласының № 2 сотында «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы Нұрлан Каусовқа қатысты үкім жарияланды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Каусовқа Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып, ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол 3 жыл мерзімге басшылық қызмет атқару құқығынан да айырылды. 75 азаматтық талап қоюшының материалдық шығынды өтеу туралы арыздары азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралатын болады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады Ақтөбе қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Нұрлан Каусов 421,9 миллион теңгені заңсыз иемденіп, қажетіне жұмсағаны үшін айыпталған еді. Ол тек 5 қабатты екі үйдің жертөлесі мен іргетасын қалаумен шектелген.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Автокөлікті бұзу кезінде ұрламақшы болған адамға оқ атқаннан кейін адам өлтіруге оқталды деген күдікпен ер адам қамауға алынды.

admin_sunqar

RFK кіші мұнайдан алынған барлық жасанды азық-түлік бояғыштарына, соның ішінде қызыл бояу №40-қа тыйым салынатынын жариялады. Денсаулық сақтау сарапшылары олар туралы не дегенін қарайық.

admin_sunqar

Жұлдызы жарқыраған шен…

Redaktor SunqarNews