SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Әскери қызметші самбодан Азия чемпионы атанды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің қызметшісі, қатардағы жауынгер Ержан Қоңыров 64 келіге дейінгі салмақта алтын медаль алып, беделді жарыста жеңімпаз атанды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Ержан Қоңыров жеңістен кейін ішкі істер министрі мен Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековке, сондай-ақ қолдау көрсеткен барлық тұлғаларға алғысын білдірді. «Бұл жеңіс – командалық жұмыстың, біздің қолбасшыларымыздың сенімі мен қолдауының нәтижесі», — деді ол.

Ержанның спортпен айналысуына әкесі Қайыржан Қоңырұлы себепкер болды, ол классикалық күрестен спорт шебері. Әкесінің жолын қуған Ержан самбоға 20 жылдан астам уақытын арнап, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ержан 2022 жылы самбодан Қазақстан чемпионы атанды. 2023 жылы ел біріншілігінде үшінші орын иеленсе, 2024 жылы алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ оның еншісінде 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдесі мен 2024 жылғы Азия біріншілігінің қола медалі бар. Ержан самбодан бөлек дзюдода да өнер көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық дзюдошылардың Азия чемпионатына аттанғаны хабарланған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда жеті жасар баланы ұрып-соққан топ туралы жаңалық

admin_sunqar

Мың бояулы мөлдір әлем

Redaktor SunqarNews

Доллардың Ақша Айырбастау Бағамы Қанша Теңге?

admin_sunqar

Пікір жазу