SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

“Қазақстан барысы” турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаевқа белгілі меценат Дулат Тастекей автокөлік мінгізді

 

“Белгілі меценат Дулат Тастекей Ақсуатта өткен ASSYL ARLAN турнирінде жеңіске жеткен соң, енді “Қазақстан барысы” турнирінде чемпион болуың керек, сен соған лайықсың, жеңсең бізден қомақты сый болады” деп жігерлендірген еді. Мақсатымыз айқын болып, биыл чемпион болдық”,-дейді Е. Қажыбаев.

Меценат Дулат Тастекей сөзінде тұрып, бүгін балуанға Абай облысының мәслихат депуттары Қайырлы Қасенов пен Мерей Қарттың қатысуымен автокөліктің кілті табысталды.

Ерасыл Қажыбаев қамқорлық көрсеткен ағаларына ілтипатын жеткізді.

“Бұл сыйлық мен үшін тек көлік емес, сіздердің маған деген сенімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыздың белгісі. Осы жақсылықтарыңызды ұмытпаймын”, — деп ағынан жарылды 2024 жылғы “Қазақстан барысы” турнирінің жеңімпазы.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан жасөспірімдер хоккей құрамасы алғашқы жеңісін тойлады

admin_sunqar

Тегін құқықтық кеңес алғыңыз келсе, бізге келіңіз!

Redaktor SunqarNews

2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

Redaktor SunqarNews