ҚазҰУ – №1 университет! Он жылдан астам уақыт бойы академиялық рейтинг және халықаралық обсерватория (IREG) сарапшылары мақұлдаған ұлттық рейтингте көшбасшы орынға ие болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ның, сондай-ақ сарапшылар мен жұмыс берушілердің ғылыми-білім беру қызметінің кең спектрін көрсететін барлық параметрлер бойынша жоғары баға алды.
БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасы – сегізінші Бас хатшы Пан Ги Мунның бастамасы. 2014 жылдан бастап әлемдік хабты басқарған ҚазҰУ – халықаралық деңгейде осындай жоғары мәртебеге ие болған ТМД-дағы тұңғыш және жалғыз жоғары оқу орны.
ҚазҰУ-дың Хаб басшылығындағы қызметі БҰҰ-ның жоғары бағасын иеленді. Оны осы халықаралық ұйымның басшысы Рама Дамодаран бірнеше рет атап өтіп, соңғы Жолдауында ризашылығын білдірді. Бұл – жетекші қазақстандық университеттің халықаралық деңгейде мойындалуының нақты айғағы. Бүгінгі таңда университетте жоғары кәсіби білім беру көпсатылы жүйесі бойынша 25 000-нан астам студент білім алуда.
Оларға 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жуық Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары сабақ береді.
ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған.
Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады.
ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.
Серікжанова Маржан Серікжанқызы, PhD І-курс докторанты,
Утемгалиева Насихат Адайхановна,
PhD, доцент м.а.
Авакова Раушан Амирдинқызы
филология ғылымының докторы, профессор.