SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қонаевтағы мектеп неге жылыту маусымына дайын емес?

Шаһардағы барлық мекемелерге жылу берілгенімен, облыс орталығында орналасқан Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі әлі күнге жылуға жарымай отыр.

Бұрынғы балабақша ғимараты болған бұл білім ұясы жылу беру маусымына дайын болмай шықты. Облыстық білім басқармасына « мектепке қашан жылу беріледі?» деген сауалмен шыққан едік. Жауаптылар, мектептің не себепті жылудан ажырап қалғанына байланысты себебін тізіп беріпті.

Аталған хатта меткеп басшылығы ғимараттың қыста суық екенінде ашып айтқан.

«Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ғимараты қысты күндері өте суық»,-делінген облыстық білім басқармасына берген жауабында.
Бұдан бөлек, мердігерлер жұмысты сапалы орындамады деп көрсеткен.Бәз баяғыша, мердігерлер кінәлі. Осы тұста «қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан» деген сөз тіркесі ойға оралды. Берілген жауаптың мазмұнына көңіл толмайтынын жеткізгеніміз сол еді, айтып ауыз жиғанша, аталған білім ордасының директоры Гүлдариға Жақсымбетова өзі байланысқа шықты.

Білім мекемесінің басшысының айтуынша, тамыз айының соңында ғана жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру берілген.

Жылу құбырларын жөндеуге «Tech Expert» ЖК жауапты деп танылып, мердігерлер 16 қыркүйек күні ғана жөндеу жұмыстарын бастаған. Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін 2 апта өткен соң ғана, жылу жүйелерін жөндетуге назар аударған мектеп басшылығының бұл қай сасқаны?

«Жұмыс 15.10.2024 күні аяқталды. Алайда жұмысты бітіріп, тексеру барысында оң жақ блоктағы жүйенің дұрыс орнатылмағаны анықталды. Сол себепті қайта жөндеу, түзету жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады. Орындаушы жақ тарапынан қосымша жұмыстардың пайда болуына байланысты жұмысты бір аптаға ұзартуға тура келіп отыр. Жұмысты 23.10.24. күні аяқтау жоспарланды»,-деп мектеп директоры Гүлдариға Жақсымбетова облыстық білім басқармасына ресми түрде жауап берген.
Басшының бұл сөзіне иланғымыз-ақ келеді. Алайда, «ала жаздай жаңа оқу жылына неге дайындалмаған, қоңыр күздің артынан , қылышын сүйретіп қыс келетінін ескермеді ме?» деген заңды сауал туындайды.

Мектеп директорының сөзіне сүйенсек, оқушылар әлі бір апта суық жерде отыруға мәжбүр. Ең сорақысы, айтылған уақытта жылу беріледі ме, жоқ па олда белгісіз.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желіде отыруға тыйым салынды

Redaktor SunqarNews

«Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбы бойынша ғылыми семинар өтпек

Redaktor SunqarNews

Бот-платформа арқылы жүгініп,құқығы қалпына келтірілді

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу