SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Павлодарда 40-тан астам мемлекеттік қызметші жұмыс уақытынан тыс еңбек еткен

Өңірлік мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент облыстағы мемлекеттік мекемелерді тексеру барысында жұмыс уақытынан тыс еңбекке тартылған қызметшілерді анықтады. Аталмыш тексеріс жылдың алғашқы үш айында өткізілді. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Департаменттің мәлімдеуінше, тексеріс нәтижесінде 42 мемлекеттік қызметшінің заңды құқықтары қалпына келтірілді. Олар жұмыс мерзімінен тыс еңбектері үшін демалыс уақытын алды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабына сәйкес, жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін жеті ауылдық округ әкімі мен аудандық әкімдіктердің бөлім басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мониторинг барысында 36 шенеуніктің іссапар шығындары бойынша жалпы сомасы 3,7 миллион теңге алмауы да белгілі болды. Олардың шығындары толықтай жабылды.

Еске сала кетейік, Павлодарда жетім балаға арналған пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрғаны белгілі болған.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында рекорд орнатты

admin_sunqar

Діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы және патриотизмнің маңызы

Redaktor SunqarNews

NASA-ның Люси ғарыш аппараты бұдырлы боулинг добына ұқсайтын астероидтың суреттерін жіберді.

admin_sunqar