Атлант мұхитының солтүстік-шығысында скумбрия балығының қоры күрт азайып барады. Бұл туралы «Теңіз ортасын қорғау қоғамы» қайырымдылық қорының мәліметіне сүйене отырып, SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Бұрын тұрақты саналған скумбрияны балықшылар соңғы жылдары 23% артық аулап, табиғи тепе-теңдік бұзылды. Осы себепті қор жылына екі рет жариялайтын «Балық таңдаудағы кеңес» анықтамалығынан скумбрияны алып тастауға шешім қабылдады.
Қор скумбрияға балама ретінде сардина мен майшабақты аулауды ұсынады, себебі олардың саны әлі де тұрақты. Жоба менеджері Алиса Мурдың айтуынша, көптеген елдерде скумбрия шамадан тыс ауланып, болашақта оның қоры қалпына келе алмауы мүмкін. Анықтамалықта, тұтынушылар үшін түс шкаласы (жасыл, сары, қызыл), ал бизнес үшін балдық жүйе қолданылады. Атлант мұхитындағы тралмен ауланған скумбрияның көрсеткіші 3 пен 4 балға төмендетілді, бұл бұл балық түрінен бас тарту қажет деген белгі береді.
Скумбрияны шектен тыс аулаушы елдер қатарында Норвегия, Исландия, Фарер аралдары және Ұлыбритания бар. Бұл аймақтарда қармақпен ауланатын балықтың өзі бұрынғы 2 балдан 3 балға ауыстырылды. Бұған дейін Қазақстанда электрлі қармақпен балық аулағандар 23 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін екені туралы ақпарат берген едік.
