SunqarNews ақпараттық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарЭкономика

Су тасқынына дайындық. Премьер-министр тапсырма берді

Су тасқынына дайындық. Премьер-министр тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны кезеңіне дайындықты жүргізуге қатысты тапсырма берді.

Бұған дейін өңірлерде су тасқынына қарсы барлық іс-шараларды сапалы іске асыру қажеттігі туралы бірнеше рет тапсырмалар берілген болатын. Алайда, мемлекеттік органдар мен әкімдіктер тиісті шараларды толық көлемде қабылдаған жоқ. Нәтижесінде 218 іс-шараның 92-сі осы уақытқа дейін орындалмай отыр. Жұмысқа бұлайша селқос қарауға болмайды, — деді ол.

Бектенов Төтенше жағдайлар министріне жоспарланған іс-шаралардың орындалмауына жол берген орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Су тасқыны проблемасын кешенді түрде шешу қажет. Осы бағытта үйлесімді жұмыс істеп, барлық мемлекеттік органдар мен қызметтердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қажет. Болжамды деректерге сәйкес, биыл көктемде тасқын қаупі жоғары болып отыр. Қалың қар мен жаңбыр да қауіпті арттыра түседі. Бұл ретте жекелеген өңірлерде қар шығаруға арналған қаражат тек ірі қалалар мен облыс орталықтарына бөлінеді, — деп айтты Премьер-министр Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы атап өткендей, ауылдық елді-мекендерде қар шығару жұмыстары назардан тыс қалып отыр. Мысалы, Павлодар облысында қар шығаруға бөлінген 4,5 млрд теңгенің 900 млн теңгесі ғана ауылдық жерлерге көзделген. Қарағанды облысында 5,4 млрд теңгенің 700 млн теңгесі ауылдарға арналған. Ақтөбе облысында – небәрі 100 млн теңге.

Дереккөз: BAQ.KZ

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның айырбастау пункттеріндегі 19 ақпандағы валюта бағамы

admin_sunqar

Қызылордада ұлттық қолөнерді дәріптейтін ерекше көрме өтті

admin_sunqar

Қазақстандық сейсмологтар екі жер сілкінісін тіркеді

admin_sunqar

Пікір жазу