SunqarNews ақпараттық порталы
ЖаңалықтарСпортСұхбат

«Тәуелді мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбында семинар өтті

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдасыруымен Alatau Creative Hub инновациялық мәдени орталығында  «Тәуелділік мінез-құлқының алдын алу (алкоголизм, нашақорлық, лудомания және т.б. тәуелділіктің түрлері)» жобасы аясында жылжымалы мобильдік қызметі туралы семинар өтті.

Аталмыш жоба аясында өткізілген семинарлар гештальт-психолог Мурадуллаева Гульбанудың қатысуымен 3 қалалық емханасында, 5 қалалық емханасында, 8 қалалық емхана мен 26 қалалық емхана, 29 қалалық емхана, 3, қалалық емханасында өткізілді. Сондай-ақ Гульбану Мурадуллаева Алмалы ауданы БМСК орталығы мен ҰОС қалалық емханасында қызметкерлер мен емделушілерге қоғамда өршіп тұрған мәселе Лудомания, алкоголизм жайында тәуелділік мінез-құлқының себептері мен салдары туралы айтты.

Ал психиатр, психолог Рауан Нұрғалиқызының қатысуымен 6 қалалық емхана, 11 қалалық емхана мен ДУИС Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде семинар өткізілді.

Шара соңында семинарға қатысушылар тәуелділіктің бірнеше түрлерінің, әсіресе нашақорлық, алкогольге және құмар ойындарға тәуелділіктің қоғамға, отбасы мен жеке тұлғаға тигізетін теріс әсерлерін талқылады.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

«Қаһарман ұлт» жобасы аясында студенттер арасында «Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков» атты челлендж бастау алды

Redaktor SunqarNews

Walgreens компаниясы опиоид дауын реттеу үшін кемінде 300 миллион доллар төлеуге келісім берді.

admin_sunqar

АҚШ Қаржы министрі Қытаймен сауда соғысы «ұзақ мерзімді шешім емес» деп мәлімдеді.

admin_sunqar

Пікір жазу