SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Тимофей Скатов Рим турнирінің екінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші, жарыстың 4-ракеткасы Тимофей Скатов алғашқы кездесуін әлемдік рейтингте 546-орында тұрған франциялық Антуан Корнут-Чаувинкке қарсы өткізді. Бірінші партияда Скатов тай-брейкте жеңіске жетті – 7:6 (7:1). Екінші сетте де қазақстандық спортшының жеңісі тіркелді – 6:4. Екі сағат 2 минутқа созылған тартысты ойында Скатов бір эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды. Корнут-Чаувинк 7 эйс және 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті. Тимофей Скатов енді ширек финалға шығу үшін әлемнің 287-ракеткасы, италиялық Стефано Травальямен кездеспек. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Сонымен қатар, әлемнің 258-ракеткасы қазақстандық Денис Евсеев алғашқы айналымда 422-сатыдағы аустриялық Сандро Коптан жеңілгенін айта кеткен жөн – 4:6, 4:6. Бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтің ТОП-10-нан шығып қалғанын да хабарлаған болатынбыз.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның Үш Шаһары мен 15 Өңіріне Дауылды Ескерту: 21 Сәуір 2025

admin_sunqar

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Ислами көзқарас аясындағы заманауи психология»

Redaktor SunqarNews

Мәжілісте Қытайдың партия мектебімен байланысты нығайту мәселесі талқыланды

admin_sunqar

Пікір жазу