SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Мысырда перғауын мұрагерінің қабірі анықталды.

Египетте археологиялық сенсация орын алды. Захи Хавасс атындағы Ежелгі мұра мен мұрағат қоры және Жоғарғы ежелгі ескерткіштер кеңесінің бірлескен миссиясы Саккара аймағында қазба жұмыстарын жүргізу барысында Усерефра ханзаданың қабірін анықтады. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Археологиялық кешенде көптеген иероглифтердің жазбаларын кездестіруге болады, олар марқұм ханзаданың есімі мен атақтарын, мысалы, «мұрагер ханзада, Буто мен Нехбет аймақтарының билеушісі, патша хатшысы, министр, судья және діни қызметкер» деген лауазымдармен таныстырады.

Ғалымдар осы аймақта қызғылт граниттен жасалған үлкен жалған есікті тапты. Оның биіктігі 5 метрге жуық, ені 1 метрден асады. Жоғарғы кеңес мәлімдеуінше, бұған дейін мұндай ірі жалған есік табылған емес.

Айта кетейік, Қазақстанда археологиялық жәдігерлерді заңсыз иемденгендерге жаза күшейтіледі деген жаңалық бұған дейін де талқыланған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Бекзат Саттарханов жайлы кітап жаырққа шықты

Redaktor SunqarNews

Алабама штатының сотталушысы өзінің өлім жазасын орындауды сұрайды, өйткені ол «көзге көз» қағидасына сенеді.

admin_sunqar

Үкімет сізге Google іздеуін пайдаланбағаныңыз үшін ақы төлеуді қалайды.

admin_sunqar