SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қарағанды облысында пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырды

«Қызылорда-Астана» бағытында жолға шыққан пойызда Қарағанды станциясы маңында күтпеген оқиға орын алды. Жолсерік вагонның дәретханасында қан іздерін байқап, кейін бір купеден жаңа босанған әйелді тапты. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Әйел вагонда босанып, баласын пойыздың терезесінен далаға лақтырып жіберіпті. Нәрестенің мәйіті табылды. Қазір полиция оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі мәлімдеуінше, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде және тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін, Өскеменнен Риддерге науқас нәрестені санавиациямен жеткізгені туралы хабарлаған едік.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Сауда соғысы Бейжіңдегі америкалық стильдегі мейрамханалардан америкалық сиыр етін алып тастауға себеп болды.

admin_sunqar

Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Redaktor SunqarNews

2025 жылғы 10–14 қараша күндері Ақтау қаласында «Бейнероликтерді түсіру, монтаждау және таратудың заманауи әдістері» атты курсы өтеді

Redaktor SunqarNews