SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Республикалық жолдарға өтінім саны көп өңірлер анықталды

2025 жылдың 14-20 сәуірі аралығында 1403 байланыс орталығы республикалық жолдарға қатысты 9 мыңға жуық өтінім қабылдады және өңдеді. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Орталық базасында жедел әрі тиімді ақпарат беру мақсатында интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі енгізілді. Нәтижесінде, 1 716 өтінім автоматты түрде өңделісе, 6 646 қоңырауға операторлар жауап берді.

Республикалық жолдар бойынша өтінімдердің көбі Ақмола, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сай уақытында орындалды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арнасын ұсынады, олар: 1403 байланыс орталығы, ресми сайт (www.qaj.kz), Telegram боттар (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403).

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» 2025 жылы жөндеуден өтетін республикалық жолдардың тізімін жариялаған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Tesla-ның қолданылған көліктерінің бағасы құлдырауда, бұл электр көліктерін өндіруші үшін тағы бір алаңдатарлық белгі

admin_sunqar

Мұңайтпасов стадионы мен «Қазақстан» спорт сарайының құрылысы қашан аяқталады?

admin_sunqar

Бейбіт күннің сақшысы Асқар Тауфихұлы туралы білесіз бе?

Redaktor SunqarNews