SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«Тұран» – инновациялық-кәсіпкерлік университет!

Әлем кеңістігінде  32 жыл тарихымен Қазақстан  Жоғары оқу орындарының бірі болып жеке меншік мекеме атанған ерекше тәжі киген «Тұран» университеті болып табылады. 29 білім бағдарламасымен бакалавриат, 31магистрлік бағдарлама, 7 докторлық бағдарлама 5 факультетпен «Тұран» университетінің даму стратегиясыбілім шалқарында «АЛТЫН САПА» иегері атанып Алматы қаласындағы сәулетті ең соңғы ғылыми-техникалармен толық жабдықтанған алып оқу орыны.  Университеттің: Заң және гуманитарлы, эканомикалық,  Өнер және цифрлы технологиялар, STEM бағдарламасы және ағылшын дайындық факультеті қызмет атқарып келеді.

«Тұран» университеті миссиясы: «Мәдениет, білім және ғылым қоғам игілігі үшін» деген ұранмен Қазақстан білім кеңістігінде бірінші болып Европаның ассоциациясы (ELA) логистикасындағы мекеме болып отыр.  Сонымен қатар  әлемнің 54 мемлекетінде ЖОО-ны Wi-Fi-ды  Edurоam  жобасымен тегін қолданады. Жаңа Қазақстанның  қоғам игілігіне ерекше дамыту стратегияларын «Тұран» университеті қолға ала отырып кітапхана қоры, Digital Innovation Lab, White Hall, Courtroom, Business Intelligence Center, Apple Digital Laboratory, инновационалды коворкинг-хаба  ғылым мен  кәсіпкерлік шеберлікті дамытуға арналған оқу залдарынмен қамтамасыз етілген [1]

«Тұран»университеті өз тарихында өте тиімді бағдарламаларды қабылдаған. Мысалы 2020 жылдың қараша айында университеттің ғылыми кеңесі 2021-2024 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын мақұлдады.Стратегия Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Алматы қаласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясында, Өңірлік бағдарламада белгіленген мақсаттар мен міндеттер тұрғысында жасалған кәсіпкерлікті дамыту үшін «Алматы бизнесі – 2025» және т.б[2].

Алматы қаласындағы білім корпарацияларының ядросы болып табылады.Осы тұрғыда қазіргі  білім әлемінің кеңістігінде «Тұран» университетінің көрінісі: «Тұран» – инновациялық-кәсіпкерлік университет» болып танылады. Білім көкжиегінде екі жоғары оқу орнының: қазақстандық және серіктес университеттің дипломдарын береді. Оның бағдарламасында АҚШ, Германия, Венгрия, Польша, Ресей, Түркия және басқа елдердің университеттері қатысатындығы ерекшелік көрсетеді. Сонымен қатар университет шет елдік студенттердің білім алып тұруына ерекше жағдай туғызып, білім сапасын арттыруға негіз болатын идеялар құндылықтарына ие.[3]

«Тұран» университетінің құндылықтары:көшбасшылық, серіктестік,  бәрі студентке арналған қолдау,инновациялар, кәсіпкерлік сынды ұжымдық қызметтің қолданысында бар. Сол себептен, студенттер орталығы бір терезе office_registrator@turan-edu.kz электорндық почта принципінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар офис-регистратура бакалавриат, магистратура, Докторантура PhD мәселелерінмен қызметтік қолдау орталығы айналысады.

«Тұран» университеті: ZOOM, Google. Classroom, Hangouts Meet, Cisco WebEx, Adobe Connect  бағдарламаларын дәстүрлі білім шеңберінде тиімді әрі тереңдетіп іске асырып отыр. Әр оқытушының жеке кәсібилігіне, креативтілігі мен білім беру әдістері жаңа үрдістің көрінісін береді. Сонымен қатар оқытушыларды ынталандыру саясатындағы ішкі ерекшелік «Тұран» университетінің ең үздік оқытушысы» атты жыл сайынғы оқу жылының соңында арнайы ғылыми кеңесте марапатталып отыратын жобалар бар. Оқытушылар құрамаына ерекше құрметпен қарау, әрі олардың кәсібилігін қамтамасыз етіп отыратын университетің арнайы ішкі саясатымен айналысатын департаменттердің ағымдағы аралықтарда тексеріс жасап, толықтыру шараларын қамтамасыз етеді.

«Тұран» университетінің профессорлар меноқытушылар құрамын академиялық мобилділікпен алмасу мақсатында Туркия, Америка, Польша мен, Қытай, Өзбекстан сияқты серіктестік университет мамандарымен өткізіліп отыратын іс-шаралар да айқынды орынға ие. Осы тұрғыдан  білім жетілдірудің әлемдік статустардың сертификатына иелігі барCoursera | Degrees, Certificates, & Free Online Courses. Атап айтсақ, Coursera — Стэнфорд университетінің информатика профессорлары Эндрю Ын мен Дафна Коллер негізін қалаған жаппай онлайн білім беру жобасы. Оның аясында онлайн-курстар жиынтығы түрінде интернетте білім беру материалдарын жариялау жобасы бар. Жоба жүйеде әртүрлі білім салалары бойынша курстар жариялайтын және жүргізетін университеттермен ынтымақтасады. «Тұран» университетінің профессорлар мен оқытушылар құрамы тыңдаушылар курстардан өтеді, курстастарымен байланысады, тесттер мен емтихандарды тікелей Coursera сайтында тапсырады, сонымен қатар iPhone және Android үшін ресми мобильді қосымша таратылады. [5]

«Тұран» университетінің  ректоры экономика ғылымдарының профессоры, академик Рахман Алшанұлының ұлт мүддесі мен қазақ қоғам саласына, білім саласына әкеліп жатқан сан-қырлы еңбектері тек түркі әлемін ғана емес, әлемдік кеңістікке құлаш жайған еңбектерінің аударылып жатқан саясатымен де құндылық тауып келеді.

Айталық, 2024 жылы 11-12 маусым күндері Стамбұлда Яшар Кемал мәдени орталығында Мальтепе муниципалитетінің қолдауымен «Әлемге мәдениет әкелген прототүркілер» атты конференция өтті. Түркі халықтары Кеңесінің (Türk Halkları Konseyi), Прототүркілер академиясының (Ön Türkler Akademisi), Йедитепе университетінің (Yeditepe University), сондай-ақ Малтепе муниципалитетінің (Maltepe Belediyesi) қолдауымен ұйымдастырылған конференцияға Түркия, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Германия, Якутияның көптеген елдерінің түркілердің шығу тегін зерттеумен айналысатын ғалымдары қатысты. «Тұран» университетінің ректоры, профессор Рахман Алшанов Atayurt баспасынан түрік тілінде жарық көрген «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» кітабының тұсаукесерін жасады. Р.А. Алшановтың айтуынша, экологиялық мәселелер көбінесе ғарыштық факторлармен байланысты болады. Олар қазіргі кезеңде де жоққа шығарылмайды. Соңғы онжылдықтарда ғарышты игеру ауқымы бірнеше есе артты, жердегілер үшін ықтимал қауіп төндіретін астероидтардың бағыттары бақылануда. Ғылым метеороидтардың, астероид ағындарының, олардың жекелеген массивті бөліктерінің, шаң ағындарының Жермен апатты соқтығыстардың әртүрлі әсері туралы көптеген фактілерді анықтайды. Ал түрлі оқиғалардың жалпы бейнесі тұтастай қалыптаса бастағанда, алыстағы ата-баба қиялындай көрінген дүние жүзіндегі халықтардың мифтері, аңыздары апаттардың фотографиялық көрінісі болып шығады. Бұл оқиғалардың мүмкін емес болып көрінуі көбінесе оларды дұрыс түсінбеуге әкелді. Еркін түсіндірулер қабылдаудың бұрмалануына, жалған интерпретацияға ықпал етеді. Аңыздарды, мифтерді, халықтардың эпикалық ертегілерін соңғы зерттеулермен тексеру апаттар теориясы мен тарихындағы маңызды кезең болды.

 Өз сөзінде Р.А. Алшанов Авестадағы түркі іздері туралы айтып, «Тұран тарихын өте мұқият зерделеу керек. Осыған байланысты табиғи апаттармен күресу және олардың тарихымызбен байланысы маңызды. Түркілер әрқашан жауынгер ретінде бейнеленген, бірақ біздің өркениетіміз өте кең және біз Авестаға ғылыми тұрғыдан қарауымыз керек».

 Р.А. Алшановтың бастамасымен Түркі халықтары кеңесінің төрағасы Махмұт Оралмен бірге Түркияда Тұран академиясы мен зерттеу орталығын құруға қадамдар жасалды. Тұран академиясын құрудағы мақсат – түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

 Түркі халықтары кеңесінің төрағасы Махмұт Орал қатысушыларға алғысын білдіріп: «Әлемнің түкпір-түкпірінен келген құрметті ғалымдар, сіздер біздің үндеуімізге үн қаттыңыздар. Әрқайсыларыңыздың үлестеріңіз бен еңбектеріңіз үшін рахмет. Осындай семинарлар жалғасын тапса екен деймін. Осы семинардың қорытынды мәлімдемесі және құнды презентацияларыңыз ақапарат көзі болып, кітап болып жарияланады. Ұлы Ататүрік айтқандай, ортақ тарихты зерттеп, жасау түркілердің бірлігімен татулыққа жетелейді. Осы мың жылдық махаббатты құру мақсатында ұйымдастырылған бұл семинар ақыл мен ғылыммен аяқталады». [6]]

Рахман Алшанов еңбектерін «Тұран» университетініңоқытушылар мен студенттері аса қызығушылықпен оқиды. 2024 жылы 12 сәуірде «Медиа және мәдени-қарымқатынас» Жоғары мектебінің  ф.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Г.Х.Тулекованың кәсіби кративтілігімен өткен «Академиялық ізденістердің құпиясын» сабағын халықаралық бөлім, тәрбие ісі департаменті басшыларының қатысуымен өткен «Р.Алшанов дәрістері» атты ашқы дөңгелек үстел семинарын өткізді: «Қазақстан-зороастризмнің отаны», «Тұранбике»(Турандот) туралы аңыздар, «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар». Студенттер үшін бұл  екі сағатқа ұйымдастырылған  ғылыми  дискурс тарих бетінде ерекше орын алады.

   Биылғы ерекше жаңалық «Тұран» университетінің миссиясына айналған тағы бір сырын университет ректоры Рахман Алшанұлы ғылыми ізденістері мен алға қойған Тұран даласының ұлттық коды «Тұранбике (Турандот)» ескерткішін ашумен бастап отыр. Бұл тарих үшін, студенттердің құзіреттілігіне үлгі мен тәрбиенің ғылыми өсуіне жетектеу болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:

[1] https://www.turan-edu.kz/
[2] https://turan.edu.kz/ru/news/
[3] https://www.turan-edu.kz/
[4] https://edunews.kz/shcollnews/1803-ashytytan-oytu-zaman-talaby.html.
[5] https://ru.wikipedia.org/wiki/Coursera

[6]]https://turan.edu.kz/kz/news/25465/prezentacziya-knigi-alshanova-r-a-tajny-dvadczati-tysyacheletii-poiski-i-otkrytiya-v-turczii/

Ғылыми жетекшісі:

«Тұран» университетінің

«Маркетинг және логистика» Жоғарғы Мектебінің

PhD, қауымдастырылған профессоры

Ашикбаева Асем Мэлсовна

Маркетинг 221(4) тобының 3-ші курс студенттері:

Оспанов Арсен, Даулетхан Алтынай,

Үмітбек Жанерке, Әбдіқадір Адилия,

Юсупбаев Асқар

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Redaktor SunqarNews

«Заң кеңесі» жобасы аясындағы көшпелі мобильдік қызмет

Redaktor SunqarNews

Қазақстанда 2024 жылы қандай саяси және басқа елеулі оқиғалар болды? Сарапшылар жауап береді

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу