SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

САПАЛЫ БІЛІМ мен БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!

әл-Фараби атындағы ҚазҰУhttps://farabi.university/ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының басты міндеті — шетелден келген қандастарымызды ҚР ЖОО — ға түсуге дайындау. Дайындық сапалы жүру үшін уақытылы сынау тестерін тапсыру жүйелі жолға қойылған. Байқау тестілері арқылы тыңдаушылар білімдері сараланып, қателіктермен уақытылы жұмыс жүргізу арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізу көзделген.

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне жыл сайын, жоғары білім алу мақсатында, арман жетегінде  келген қандастар мен  шетелдік тыңдаушылардың саны артуда. Олардың көбі, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Түркия, Иран, Ауғанстан тағы басқа мемлекеттерден келіп білім алуда. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы, шетелде тарыдай шашылған қандастарымызды елге оралту мақсатында бұл саясат жоспарлы түрде жүзеге асып отыр.  Осы бағдарлама аясында толассыз келіп жатқан шетелдік қандастарымызды жаңа ортаға бейімдеуде, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының қолданбалық мәні зор. Осы орайда, оқытушылар қауымының  ең бірінші алдына қойған мақсаты ұлтымыздың төл тарихын,  мәдениеті мен әдебиетін терең оқытып, теориялық алған білімдері негізінде ҰБТ-да жоғарғы балл көрсеткішін алуға күш салады. Атамекенге үлкен арманмен келген жастар, ҰБТ-да барлық пәндерден дайындалып, өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша шекті балл жинап оқуға түседі. Оған, жыл сайын Қазақстанның жоғарғы оқу орнына түскен тыңдаушыларымыз дәлел. Тәжірибе барысында байқағанымыз, шетелден келген қандастарға ең қиын түсетін пән-Қазақстан тарихы. Өйткені, бұл пәнді олар тек Қазақстанға келгеннен кейін ғана, оқып таныса бастайды. Сондықтан, Қазақстан тарихы пәні бойынша тыңдаушыларды жан-жақты дайындаймыз. ҰБТ-да жоғары балл жинау үшін, әр тақырыпты тереңінен меңгерту мақсатында түрлі әдістер, слайд, лекция, тақырыптық, мәтіндік тест тапсырмаларымен дайындық жүргізіледі.

Осы орайда тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ- 4) іске асыру мақсатында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары алға  қояр талабы жоғары. ҰБТ-ға дайындық қарқынды жүрiп жатыр. Тыңдаушылардан  универ жүйесінде онлайн  тест айына 2 рет, тест орталығына барып офлайн тест 2 рет алынады. Мақсатымыз айқын, алдағы уақытта тындаушылар ҰБТ сынағынан сүрінбей өтiп, жоғары оку орындарына түсу. Сол нәтижеге қол жеткізу мақсатында, кафедрада білім алып жатқан тыңдаушылардан 2 ай ішінде алған білімдерінің нәтижесін анықтау үшін кафедраның ұйымдастыруымен тыңдаушылар  тест орталығына барып сынама сынақ тапсыруды дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ білім сапасын көтеруде іс-шараларға белсене атсалысады соның бірі ұлттық тест орталығы ұйымдастырған «Білім және мансап» көрмесіне барды.  Тыңдаушылар көрме барысында тегін байқау сынағын (жаңа нұсқа) тапсырып, ҰБТ туралы ақпаратпен танысысып, мамандықты дұрыс таңдаудағы шешімдерін және ҰБТға дайындықтары пысықтап қайтты.

БІЛІМ ордасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті

Жоғары оқу орнына  дейінгі дайындық кафедрасының  

аға оқытушылары: Мужигова Г.М., Дауытова Ж.К.,

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының

докторанты Нусупбаева С.А.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Shymkent Azamattyq BasQaru жобасын жүзеге асыру: жергілікті халықты шешім қабылдау процесіне тарту

Redaktor SunqarNews

Су тасқынына дайындық. Премьер-министр тапсырма берді

admin_sunqar

ӘДІЛХАН БАЙБАТША, АКАДЕМИК: Қазақстанның болашағы – ғылымда

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу