SunqarNews ақпараттық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарЭкономика

Америкалық компания Қазақстандағы зауыттың иесі болды

Америкалық компания Қазақстандағы зауыттың иесі болды

Америкалық Wabtec компаниясы енді Қазақстандағы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ локомотив құрастыру зауытының жалғыз иесі атанып, акцияларын толығымен бақылайтын болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Railway Supply сайтына сілтеме жасап.

Былтырғы қазан-желтоқсандағы есептерге сәйкес, Wabtec ЛҚЗ акцияларының тағы 50 пайызын 81 миллион долларға сатып алды. Осыған дейін компания «Трансмашхолдинг» АҚ-мен акциялардың жартысына ие болған.

«Бұл қадам 2023 жылдың қарашасында Қазақстанда өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылғаннан кейін жасалды. Осы құжаттарда көрсетілген барлық мәміле орындалған жағдайда Wabtec-тің Қазақстанға жабдықты жеткізуден түсетін пайдасы 2 миллиард доллар болады деп күтіледі», — деп жазды портал.

Өз кезегінде Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы ҚТЖ 240 Wabtec локомотивін сатып алу үшін америкалық Citibank-тен 900 миллион доллар қарыз алып, локомотив паркінің 15 пайызын жаңартуды жоспарлап отыр.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстаннан қанша мектеп Google for Education жобасына қатысады?

admin_sunqar

Грекия 1,3% бюджет артығын жариялағаннан кейін 1 миллиард еуро көлемінде қаржылық жеңілдіктер ұсынатынын хабарлады.

admin_sunqar

Caldwell округіндегі көлік апатын тергеу өлімге әкеп соқтырған атысқа ұласты.

admin_sunqar