SunqarNews ақпараттық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарЭкономика

Германия Қазақстаннан мұнай импортын екі еселемекші

Германия Қазақстаннан мұнай импортын екі еселемекші

Германия «Дружба» магистральдық мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай жеткізу көлемін айына 200 мың тоннаға дейін арттыруға мүдделі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Мамыр мен қазан айларында қазақстандық мұнай экспортының айлық көлемі Гернманияда 100 мың тоннаны құрады. Өткен жылы бұл елге республикадан барлығы 993 мың тонна мұнай тасымалданған. «Германиялық тарап Қазақстаннан жеткізілетін мұнай көлемін айына 200 мың тоннаға (жылына 2,4 миллион тонна) дейін арттыруға мүдделі», — деді ресми өкіл.

Ол Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне жетекші мұнай экспорттаушы елдердің бірі болып қала беретінін атап өтті. 2023 жылы еліміз ЕО-ға 46,6 млн тонна шикізат тасымалдады (бұл қазақстандық мұнай экспортының 66% дерлік). Оның негізгі тұтынушылары: Италия, Нидерланды, Греция, Франция, Түркия және Испания болды.

 

Сәтқалиев Қазақстанды Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді мұнай жеткізушісі екенін атап өтті.

«Біз мұндай ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз», — деп қосты ол.

«Дружба» мұнай құбырының бағыты Ресей аумағы арқылы — Альметьевскіден Брянскке, одан кейін Беларусь Мозырына дейін өтеді, содан кейін ол екі бөлікке бөлінеді: солтүстік (Беларусь, Польша, Германия, Латвия және Литва аумағы арқылы) және оңтүстік (Украина, Чехия, Словакия, Венгрия және Хорватия территориясы арқылы).

Неміс билігі ресейлік энергетикалық ресурстардан бас тартуына байланысты жаңа шикізат жеткізушілерін белсенді түрде іздей бастады. 2022 жылдың желтоқсанында ресейлік «Транснефть» «Қазтрансойл» компаниясынан (ҚазМұнайГаз тобына кіретін) 2023 жылға 1,2 миллион тонна көлемінде Германияға транзит үшін «Дружба» қосымша қуатын сақтауға өтінім алғанын хабарлады. Жеткізу өткен жылдың ақпан айында басталды.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында рекорд орнатты

admin_sunqar

Дүр-Дүкен

Redaktor SunqarNews

Қазақстандағы студенттік стипендияның жаңа мөлшері аталды

admin_sunqar

Пікір жазу