SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ақсайда мектеп автобусы өртеніп, жүргізуші зардап шекті

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында 21 сәуірде Аралтал шағынауданында ПАЗ автобусы жанып кетті. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 17.40-та оқшауланып, толықтай 17.56-да сөндірілді. Мекеме басшысы Талғат Темірғалиевтің айтуынша, өрттің шығу себептері мен келтірілген залал әлі де анықталуда.

Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің мәліметінше, автобустың жануы №8 орта мектеп тұрақ алаңында, шамамен 17.25-те басталған. Оқиға кезінде оқушылар болмаған, ал көлік жүргізушісі оң қолынан жарақат алды.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем келіп жеткенде ер адамның зардап шеккені расталды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілді. Ер адамға 1-дәрежелі күйік диагнозы қойылып, денесінің 3 пайызы зақымданған.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстанда жүк көлігі де өртенген болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Шетелдіктер елімізде көбіне қай салаларда жұмыс істейді?

admin_sunqar

Қазақстанда тыйым салынған діни кітаптар тізімі жасала ма?

admin_sunqar

Әлемдік поэзия фестивалі. Қазақстаннан Дүкен Мәсімханұлы арнайы шақырылды

Redaktor SunqarNews