SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Бекзат Саттарханов жайлы кітап жаырққа шықты

11 қазан күні Астана қаласы «Қазмедиа орталығында» Бас редакторлар клубының қолдауымен белгілі журналист, ақын, жазушы Азамат Әбілқайырдың «Бекзат Саттарханов кім?» балалар және жасөспірімдерге арналған кітабының тұсаукесері өтті.  Оқырманға жол тартып отырған бұл кітап балалар әдебиетінің дамуына өз үлесін қосады. Кітапта Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың  өмірі мен әлемге танымал спортшы болғанға дейінгі кәсіби жолы жазылған. Кітаптағы оқиғалар боксшының ата-анасы мен замандастарының естелігінен алынған.

Кітап авторы Азамат Әбілқайырдың айтуынша, кітап жазу процесі бір айға созылған. Оған дейін зерттеу жұмыстары басымырақ болған. Боксының анасы Сырлыкүл Саттарханова кітаптың қолжазбасын бірнеше рет оқып, өз пікірлерін айтып отырған. «Бұл кітапта боксшының қызықты да қиын өмір жолы, қызықты сәттері, саналы ғұмырын қазақ бокс стилін қалыптастыруға зор үлес қосқаны, ел үшін сіңірген ерең еңбегі дәріптеледі» — деді кітап авторы.

Кітаптың тұсаукесеріне арналған іс-шараға боксшының анасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Бас редакторлар клубының басшысы Бибігүл Жексенбай,  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы, «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Кемелбек Ойшыбаев, «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Кеңесұлы, «ABAI» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, қоғам және мәдениет қайраткерлері, медиа сарапшылар мен спорт журналистері, еліміздің белгілі ақын-жазушылары қатысты.

Кездесу барысында сөз алған Сырлыкүл Саттарханова: «Бұл кітап біздің өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Жастар Бекзаттай болса жаман болмас деп ойлаймын. Тәрбиесі, жүрегі Бекзаттай болса жаман болмас» — деді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арнайы жазылған «Бекзат саттарханов кім?» кітабы қазақ балалар әдебиетінде өзінің орнын табарына сенім білдірді.

Жиналған қауым қаламгерді жаңа кітабының жарыққа шығуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

 

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Гульмира Канай: Педагог — главная модель в формировании личности

Redaktor SunqarNews

Төлен Тоқтасынов ауыр хәлде. “Достары” онымен дауласуда

Redaktor SunqarNews

Ұлттық академиялық кітапханада Әкім Тарази атындағы зал ашылды

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу