SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

KASE қор нарығында доллардың бағамы 0,6 теңгеге арзандап, орташа көрсеткіші 521,53 теңгені құрады. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Kurs.kz мәліметіне сенсек, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар 522 теңгеден сатылып, 520 теңгеден сатып алынуда. Ал еуро бағамы 596 мен 602 теңге аралығында құбылып тұр. Астанада долларды 524 теңгеден сатып, 518 теңгеден сатып алуға болады, ал еуро 595 теңгеге сатып алынып, 605 теңгеге сатылуда. Ресей рублі 6,29-6,45 теңге аралығында саудалануда.

Ұлттық банктің 21 сәуірге берген ресми мәліметі бойынша, доллардың бағамы 521,9 теңге, ал ресейлік рубльдің орташа құны 6,39 теңге, еуро 593,5 теңге болды. Бұдан бұрын Тимур Сүлейменов кез келген уақытта базалық мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

1 мамырдан жедел жәрдем қызметінің жаңа тәртібі енгізіледі

admin_sunqar

Бот-платформа арқылы жүгініп,құқығы қалпына келтірілді

Redaktor SunqarNews

Батыс Қазақстандағы жол апатынан екі оқушы қаза тапты

admin_sunqar