SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Рим Папасы Франциск Қазақстанға жылы ниетпен қарайды

Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы басталып, содан бері тұрақты түрде дамып келеді. 1998 жылы Қазақстан Президенті Ватиканға сапары барысында қос тараптың арасындағы Өзара қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім Қазақстанның ТМД және Азия аумағындағы Қасиетті тақпен жоғары деңгейде жасасқан алғашқы келісімі болып табылады. 2001 жылы Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

2022 жылы жаңа понтифик Францисктің бастауында Қазақстан мен Ватикан қарым-қатынасы одан әрі нығая түсті. 1 шілдеде Премьер-Министрдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді Ватиканда Қасиетті Тақтың хатшысы Пол Ричард Галлахермен кездесті. Кездесу нәтижесінде дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі Шығыстану институтымен бірге Ватикан мұрағаттары арасында ғылыми және мәдени салаларда көпжақты байланыс орнату туралы меморандумға қол қойды. Қазақстанның университеттік медициналық орталығы мен «Бамбино Джезу» ауруханасы арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында қосымша келісім жасалды.

2022 жылдың қыркүйек айында Рим Папасы Франциск Қазақстанға тарихи сапар жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасын жоғары құрметпен қарсы алып, оның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуын зор мәртебе деп бағалады.

Рим Папасы Франциск Франциск бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақыратын бастамалардың үлгісі ретінде бағаланды. Рим Папасы өзінің сапары барысында ұлы ақын Абайдың мұрасына жоғары баға беріп, оның идеяларының маңыздылығын атап өтті.

Католик шіркеуінің басшысы, 266-шы Рим Папасы Франциск Аргентинада дүниеге келген және Рим Папасы лауазымына 2013 жылы сайланды. Рим Папасының денсаулығы күрделі жағдайға тап болып, өкпе инфекциясынан кейін жағдайы мүшкіл деп хабарланды. Өкінішке орай, 2025 жылдың 21 сәуірінде Рим папасы Франциск Ватиканда қайтыс болды. Ватиканның ресми мәлімдемесі бойынша, Франциск ғұмырын құдайға және шіркеуіне арнаған тұлға ретінде есте қалады.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қызылорда облысы полиция бөлімінде алғашқы кітапхана ашылды

admin_sunqar

“Qazaqsha терапия” Тараз бен Шымкентте концерт қойды

Redaktor SunqarNews

Қонаевтағы мектеп неге жылыту маусымына дайын емес?

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу