SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Үкімет көгілдір отын және мәдени мұраларды ұлықтау мәселелерін қарастыруда

Үкімет отырысында газ саласының дамуы мен цифрландырылуы және ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау секілді маңызды мәселелер талқыланды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2024 жылы газ өндіру көлемінің жоспарлары мен оны ұлғайту бағытындағы жұмыстарды, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға арналған газ ваучерлерінің пилоттық жобасын кеңейту жоспарын баяндады. Газ инфрақұрылымының цифрландырылуы, заңнамалық өзгерістер, жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы да ақпарат берілді.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау, жаңғырту және ЮНЕСКО тізіміне жаңа нысандарды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген 6 табиғи және мәдени нысан туралы айтып, «Хандар шежіресі» қолжазбасының «Әлем жады» халықаралық тізіміне енгізілгені туралы хабарлады.

Отырыстан кейін Энергетика министрі мен Мәдениет және ақпарат министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді. Үкімет отырысының жазбаларын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан және басқа платформа арқылы көруге болады.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Туристерге арналған TravelStan қосымшасы жылдың соңына дейін іске қосылады

admin_sunqar

ASSYLTAS ҚҚ-ның қолдауымен Серікболсын Әбділдин туралы деректі фильм түсірілді

Redaktor SunqarNews

Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді

admin_sunqar

Пікір жазу