SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ақсайда мектеп автобусы өртеніп, жүргізуші зардап шекті

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында 21 сәуірде Аралтал шағынауданында ПАЗ автобусы жанып кетті. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 17.40-та оқшауланып, толықтай 17.56-да сөндірілді. Мекеме басшысы Талғат Темірғалиевтің айтуынша, өрттің шығу себептері мен келтірілген залал әлі де анықталуда.

Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің мәліметінше, автобустың жануы №8 орта мектеп тұрақ алаңында, шамамен 17.25-те басталған. Оқиға кезінде оқушылар болмаған, ал көлік жүргізушісі оң қолынан жарақат алды.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем келіп жеткенде ер адамның зардап шеккені расталды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілді. Ер адамға 1-дәрежелі күйік диагнозы қойылып, денесінің 3 пайызы зақымданған.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстанда жүк көлігі де өртенген болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

RFK кіші мұнайдан алынған барлық жасанды тағам бояғыштарын, соның ішінде қызыл бояу №40-ты тыйым салуды жоспарлап отыр. Сарапшылар бұл туралы не айтқанын біліңіз.

admin_sunqar

Өзбекстанда алғашқы Орталық Азия шоколад мұражайы ашылды

admin_sunqar

Вандалдар Лос-Анджелес орталығындағы ондаған ағашты электрарамен кесіп тастады.

admin_sunqar