SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қостанай облысында аудан әкімдіктері жер телімдері кезегін әдейі жасырған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облыстық департаменті жер телімдерін бөлу ақпараттарын қасақана жасыру фактілерін анықтады. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. ҚР Жер кодексіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар әр тоқсан сайын ресми ресурстарында жер кезегіндегі адамдар мен жер телімдері туралы мәліметтерді жариялауы тиіс. Әулиекөл, Қарасу, Науырзым, Сарыкөл, Қарабалық, Амангелді, Жанкелді, Ұзынкөл, Алтынсарин аудандары мен Арқалық қаласының әкімдіктерінде мұндай ақпараттар жоқ.

Департамент бұл олқылықтарды жою үшін тиісті шараларды қолға алды. Қазіргі таңда мәселе шешілді. Сондай-ақ, ведомство өкілдері 2025 жылы түскен шағымдардың жартысынан көбі жер қатынастарына және қызмет көрсетуші тұлғалардың әрекеттеріне, не олардың әрекетсіздігіне байланысты болғанын анықтады. Бұған дейін Павлодар облысында ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысының сотталғаны туралы жазған едік.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Маңғыстау облысында Жұмысшы мамандықтары жылы: су бұру, гидрогеология, өнеркәсіпті автоматтандыру саласында жаңа мамандықтар ашу

Redaktor SunqarNews

Кеңсеге қайтып оралу саясатынан шет қалғанын сезінетін жұмысшылар.

admin_sunqar

На территории города Алматы проведен ряд мероприятий с участием членов Республиканской информационно-разъяснительной группы

Redaktor SunqarNews