SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Оралда соғыс жылдарынан қалған әскери жәдігерлер көрмесі өтті

Орал қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери жәдігерлер көрмесі өтті. Көрмеге Ұлы Отан соғысы кезінде қолданылған әскери техника, түрлі жәдігерлер мен фотосуреттер қойылды. Келушілерге соғыс тарихы мен батырларымыздың ерліктері жайлы ақпарат ұсынылды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Іс-шараға Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы А. Әйтімов, «Генералдар кеңесі» президиумының төрағасы, генерал-лейтенант Б. Сарсеков, БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г. Шукеева және басқа да танымал тұлғалар қатысты. Олар Ұлы Жеңістің тарихи маңыздылығын және батырлардың ерліктерін еске алды.

Сонымен қатар, өнерпаздар әскери-патриоттық композициялар орындап, қоян-қолтық ұрыстың көріністерін көрсетті. Іс-шараның соңында қатысушыларға дәстүрлі солдат кашасы ұсынылды. Айта кетейік, Жеңіс парадына қатысушылардың отбасылары да әскерилерге тосынсыйлар жасады.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қызылордада ұлттық қолөнерді дәріптейтін ерекше көрме өтті

admin_sunqar

«Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті

Redaktor SunqarNews

«Сапалы контент жетіспейді». Журналист Ержан Төлек бүгінгі БАҚ көрінісіне баға берді

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу