SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Дулат Тастекей: Тыраштанған той қарызға батырса, қажеті қанша?

Фото: Андрей Лунин

TAS Group негізін қалаушы Дулат Тастекей Forbes.kz сайтына берген сұхбатында тойдың қазаққа қажетсіздігі туралы айтты.

“Қазақтың тойы ерекше процесс қой. Қонақтар конвертпен, ақшамен келеді. Егер тойды ұйымдастыруға кеткен қаражат шыққан қаражатпен тепе-тең түссе, той жасауға болатын шығар. Ал тыраштанып жасаған той одан сайын шығынға батырса, ондай тойдың қажеті не? Көрсеқызарлықпен телефонды, гаджетті, киімді, тіпті азық-түлікті кредитке алады. Неге? Өйткені қаражатын басқа нәрселерге жұмсап, тұтынушылық қарызға белшесінен батады. Ондай адамның номиналды табысы болғанымен, оның табысы шығындарынан аспайды. Табыстың шығыннан көп болуы – байлықтың, шығынның табыстан асуы – кедейліктің формуласы. Егер адам өз шығынын азайтып, табысы мен біліктілігін арттыруға қадам жасаса, жағдайын жақсарта алады. Біз осыны мемлекет шешетін мәселе деп қарастырамыз, ал негізінде бұл – әрбір адамның жеке таңдауы. Осыдан бірнеше жыл бұрын халықтың несиесін кешірген сәттер болды. Ал несиесі кешірілген адамдар қарызын жаба сала, басқасын алды”,-дейді Дулат Тастекей. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман? Той қазаққа қажет пе?

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Рим Папасы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтына алғыс хат жолдады

Redaktor SunqarNews

Қазақстанның экспорттық қызметтері рекордқа жетті: 24,9 млрд доллар

admin_sunqar

«Адам саудасы құрбандарына көмек көрсетудегі өзекті мәселелер». Жоба аясында дөңгелек үстел өтті

Redaktor SunqarNews